2015 жылғы 16 наурыз, Астана қаласы
«Геодезия және картография» кәсіби стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берілген «Геодезия және картография» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. .Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Министр Е.ДОСАЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________Т.ДҮЙСЕНОВА
2015 жылғы 15 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы №208 бұйрығымен бекітілген
«Геодезия және картография» кәсіптік стандарты
1. Жалпы бөлім
1. «Геодезия және картография» кәсіптік қызмет саласындағы «Геодезия және картография» кәсіптік стандарты (бұдан әрі - Кәсіптік стандарт) біліктілік дәрежесіне, құзыретіне, мазмұнына, қойылатын талаптарды айқындайды және:
дайындау, біліктілікті арттыру және кәсіптік қайта даярлау бағдарламасын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыретін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
Кәсіптік стандарттар негізінде кәсіпорындардың ішкі, корпоративтік стандарттары функционалдық модельдерін қызметтің, лауазымға, біліктілікті жетілдіруге, жұмысшыларды аттестаттауға, еңбекке ынталандыру жүйесі және т.б. арналған стандарттар қажет болған жағдайда әзірленеді.
Кәсіптік стандартты негізгі пайдаланушылар:
білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлері;
ұйымдардың жетекшілері, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің жетекшілері мен мамандары;
білім беру бағдарламаларын әзірлеуші мамандар;
кәсіптік даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады;
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
біліктілік – жұмыскердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға даярлық дәрежесі;
біліктілік деңгей/біліктілік деңгейі – күрделілік еңбек әрекетінің, жауапкершілік және дербестік парметрлері бойынша сараланатын жұмысшы құзыреті мен дайындық деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы;
еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
кәсіп – арнайы даярлық нәтижесінде жинақталатын және тиісті білімі туралы құжаттармен расталатын, белгілі бір білімді, шеберлікті және іс жүзіндегі дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
кәсіптік стандарт – кәсіптік қызметтің нақты саласындағы біліктілік, құзыреттілікке, еңбек құрылымына, сапасы және шарттарына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
кәсіптік топ – ортақ интеграциялық негізі бар (мақсаттары, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және оларды орындауға еңбек функциялары мен құзыреттіктерінің ұқсас жиынтығын болжайтын кәсіптік топтар жиыны;
салалық біліктілік шеңбері – салада мойындалатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар қолданылады:
СБШ – салалық біліктілік шеңбері;
БА – басшылар, мамандар жене басқа қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы.
2. Кәсіптік стандарт паспорты
3. Кәсіптік стандарттың атауы: Геодезия және картография.
4. Кәсіптік стандарт әзірлеудің мақсаты: кең ауқымды қолданушылар тобының: қызметкерлердің – жоспарлау саласындағы кәсібіне, өзінің біліктілігін арттыруға және қызметін жоғарылатуға қойылатын талаптарды түсінуі үшін; жұмыс берушілердің – пайдаланатын талаптарды/біліктілікті арттыру, дамыту, кадрларды жылжыту мен орын ауыстыру бағдарламаларын жасау және пайдалану үшін.
5. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: геодезия және картография – Жердің фигурасын, өлшемі мен сыртқы гравитациялық өрiсін, жер бетi нүктелерiнiң координаталары мен биiктiктерін және олардың уақыт аралығындағы өзгерiстерiн анықтау бойынша карталар мен жоспарлар жасау, картографиялық туындыларды зерделеу, жасау және пайдалану, сондай-ақ жер бетіндегі әртүрлі инженерлік міндеттерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін ғылыми, техникалық және өндірістік қызмет процесінде туындайтын қарым-қатынастар саласы. Кәсіптік стандарт «геодезия және картография кәсіптік қызмет саласында еңбек мазмұнына, сапасына, шарттарына, қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттігіне қойылатын талаптарды белгілейді. Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саладағы мынадай: геодезист, картограф, аэрофотогеодезист, топограф, техник-геодезист, техник-картограф, техник-аэрофотогеодезист кәсіптеріне қатысты.
6. Негізгі топ: сәулет, инженерлiк iздестіру және техникалық консультациялар саласындағы қызмет.
Кәсіптік топ: инженерлiк iздестіру және техникалық консультациялар беру саласындағы қызмет.
3. Кәсіптер карточкалары
7. Кәсіптер тізбесі:
техник геодезист, СБШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
техник картограф, СБШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
техник аэрофотогеодезист, СБШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
топограф, СБШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
геодезист, СБШ бойынша 5-6 біліктілік деңгейі;
картограф, СБШ бойынша 5-6 біліктілік деңгейі;
аэрофотогеодезист, СБШ бойынша 5-6 біліктілік деңгейі.
Кәсіптер карточкасы осы «Геодезия және картография» кәсіптік стандартына қосымшада келтірілген.
«Геодезия және картография» кәсіптік стандартына қосымша
«Техник геодезист» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ
Кәсіптің коды 3111
Кәсіптің атауы Техник геодезист
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 4
БА бойынша біліктілік деңгейі Жоғарғы санатты, II-I санатты, санаты жоқ.
Кәсіптік білім деңгейі Жоғары дәрежедегі техникалық және кәсіптік білім (қосымша кәсіптік дайындық), практикалық тәжірибе.
Еңбек функциялары 1) Нивелирлі жүрісті есептеу, техникалық және барометрлік нивелирлеу, теодолитті жүрістер материалдарын өңдеу.
2) Ғимараттар, құрылыстар, коммуникацияларды геодезиялық түсіру.
3) Құжаттарды толтыру, түсініктеме жазбалар құрастыру.
4) Каталогтар, пункттердің координаталары тізімін және биіктіктер тізімдерін құрастыру, желілер мен жүрістер схемаларын құру.
5) Дала жұмыстарының (бұрыштық және сызықтық өлшеулер) көлеміне қажетті бағытты есептеу жүргізу.
6) Техникалық есепті ресімдеу, жасау, тапсырыс беруші мен қорға материалдарды беру.
1 - еңбек функциясы Нивелирлік жүрістерді техникалық және барометрлік нивелирлеуді есептеу, теодолитті жүрістер материалдарын өңдеу.
Біліктері мен дағдылары:
1. Теодолиттік жүрістер материалдарын өңдеу нәтижесін бағалау.
2. Нивелирлік жүрістерді есептеудің нәтижесін талдау және бағалау.
3. Теодолитті жүрістерді салу жолымен түсірілім желісін жасай білуі.
Білімі:
1. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр саласында пайдаланылатын құралдар мен жабдықтарды, құралдарды, жабдықтар мен материалдарды пайдалану, техникалық көмек көрсету, тасымалдау және сақтау қағидаттарын.
2. Өлшеулерді орындау әдістерін.
3. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2-еңбек функциясы Ғимараттарды, құрылыстарды, коммуникацияларды геодезиялық түсіру.
Біліктері мен дағдылары:
1. Геодезиялық міндеттер қою, геодезиялық түсіру кезінде нәтижені бағалау.
2. Геодезиялық, стереофотограмметриялық құралдармен жұмыс істей білу.
3. Геодезиялық түсірілім материалдарын талдау және өндеу.
Білімі:
1. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр саласында пайдаланылатын құралдар мен жабдықтарды, құралдарды, жабдықтар мен материалдарды пайдалану, техникалық көмек көрсету, тасымалдау және сақтау қағидаттарын білу.
2. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
3. Өлшеуді орындау әдістерін.
4. Қабылданған шартты белгілер жүйесін білу.
3-еңбек функциясы Құжаттарды толтыру, түсініктеме хаттарды дайындау.
Біліктері мен дағдылары: 1. Карточкаларды және формулярдың тиісті бөлімдерін толтыру кезінде талдау.
2. Түсініктеме жазбаны жасау кезінде нәтижені бағалау.
Білімі:
1. Нивелирлі жүрісті есептеу, техникалық және барометрлік нивелирлеу, теодолитті жүрістер материалдарын өңдеу.
2. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
3. Өлшеуді орындау әдістерін.
4-еңбек функциясы Каталогтар, пункттердің координаталарыжәне биіктердің тізімін құрастыру, желілер мен жүрістер схемаларын жасау.
Біліктері мен дағдылары:
1. Желілер мен жүрістер схемаларын құрастыру кезінде шешімдер қабылдау және талдау дағдылары.
2. Каталогтар, пункттердің координаталары мен биіктіктерінің тізімін жасау, шешімдер қабылдау және талдау дағдылары.
Білімі:
1. Таралымы шектеулі құжаттарды, істерді, басылымдарды есепке алу, пайдалану және сақтау қағидалары.
2. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары бойынша нұсқаулықты.
3. Каталогтар, желілер мен жүрістер схемаларын жасау кезінде жүйелі талдау әдіснамасын.
5-еңбек функциясы Дала жұмыстары (бұрыштық және сызықтық өлшемдер) көлеміне қажетті бағытты есептеу жүргізу.
Біліктері мен дағдылары: 1. Дала жұмыстары көлеміне қажетті, бағытты есептеу жүргізу кезінде шешім қабылдау және талдау дағдысы.
Білімі:
1. Дала жұмыстарына есеп жүргізу кезінде жүйелік талдау әдіснамасын.
2. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары бойынша нұсқаулықты.
6-еңбек функциясы Тапсырыс беруші мен қорға материалдарды беру, техникалық есеп жасау, рәсімдеу.
Біліктері мен дағдылары:
1. Техникалық есеп ресімдеу, құрастыру бойынша шешім қабылдау және талдау дағдысы.
2. Материалдарды тапсырыс беруші мен қорға беру кезінде талдау жасау дағдысы.
Білімі:
1. Есептілікті жасау, ресімдеу және тапсыру кезінде шешім қабылдау тәсілдерін.
2. Өлшеулер орындау әдісін; қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын.
3. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары бойынша нұсқаулықты.
Жеке құзыретіне қойылатын талабы Командада жұмыс істей білу.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы 2148 Геодезист
«Техник картограф» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ
Кәсіптің коды 3119
Кәсіптің атауы Техник картограф
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 4
БА бойынша біліктілік деңгейі Жоғарғы санатты, I санатты, санаты жоқ.
Кәсіптік білім деңгейі Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім (қосымша кәсіптік даярлық), практикалық тәжірибе.
Еңбек функциялары 1) Карталар мен қор материалдарын жасау бойынша бұрын орындалған жұмыстарды зерделеу.
2) Карталар жобасын жасау және келісу.
3) Карталарды жобалау және жасау технологиялары және оларды дайындау әдістері бойынша ақпарат жинау.
4) Жоспарланған жұмыс көлемін есептеу.
5) Геодезиялық ақпараттық жүйенің көмегімен сандық түрдегі топографиялық карталардың түпнұсқасын даярлау.
6) Бағдарламалардағы растрлық карталардың суреттерін сканерлеу, түрлендіру және тіркеу.
1-еңбек функциясы Карталар мен қор материалдарын жасау бойынша орындалған жұмыстарды зерделеу.
Біліктері мен дағдылары:
1. Карталарды жасау және қор материалдарын жасау кезінде тапсырмаларды нақтылау, нәтижені бағалау.
2. Қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттырудың уәждемесі.
Білімі:
1. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр саласында пайдаланылатын құралдар мен жабдықтарды, құралдарды, жабдықтар мен материалдарды пайдалану, техникалық көмек көрсету, тасымалдау және сақтау қағидаттарын білу.
2. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
3. Картографиялық өнімдер өндірудің технологиялық процесін.
4. Терминологияны, цифрлық топографиялық картадағы қолтаңба үшін шартты қысқартулар тізбесін.
5.Таралымы шектеулі құжаттарды, іс және басылымдарды тіркеу, пайдалану және сақтау ережесі.
2-еңбек функциясы Карталар жобасын жасау және келісу.
Біліктері мен дағдылары: 1. Карталар жобасын жасау кезінде тамсырмаларды нақтылау, нәтижелерді бағалау.
2. Карталар жобасын келісу кезінде нәтижені бағалау дағдылары.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Картографиялық өнімдер өндірісінің технологиялық процесін.
3. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр саласында пайдаланылатын құралдар мен жабдықтарды, құралдарды, жабдықтар мен материалдарды пайдалану, техникалық көмек көрсету, тасымалдау және сақтау қағидаттарын білу.
4. Бірлескен және бақа жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпиялардан құрайтын мәліметтерді беру қағидаларын.
5. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
3-еңбек функциясы Карталарды жобалау мен жасау технологиялары және оларды дайындау әдістері бойынша ақпарат жинау.
Біліктері мен дағдылары:
1. Жобалау технологиялары бойынша ақпараттарды жинаудың нәтижесін бағалау, міндеттер қою.
2. Карталарды жасау үшін пайдаланылатын әдістер бойынша жиналған ақпараттың нәтижесін бағалау дағдысы.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Картографиялық өнімдер өндірісінің технологиялық процесін.
3. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр саласында пайдаланылатын құралдар мен жабдықтарды, құралдарды, жабдықтар мен материалдарды пайдалану, техникалық көмек көрсету, тасымалдау және сақтау қағидаттарын.
4. Картографиялық өнімдер өндірудің тәсілдерін, міндеттерін қою мен шешу қағидаттары мен тәсілдерін.
5. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары бойынша нұсқаулықты.
4-еңбек функциясы Жоспарланған жұмыс көлемін есептеу.
Біліктері мен дағдылары: 1. Жоспарланған жұмыс көлемін есептеу кезінде шешім қабылдау және талдау дағдылары.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Картографиялық өнімдер өндірудің технологиялық процесін.
3. Картографиялық өнімдер өндіру кезінде жұмыс көлемін есептеуде жүйелі талдау әдіснамасы.
4. Таралымы шектеулі құжаттарды, істер басылымдарды есепке алу, пайдалану және сақтау қағидалары.
5. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
5-еңбек функциясы Географиялық ақпараттық жүйе көмегімен сандық түрде топографиялық карта түпнұсқасын даярлау.
Біліктері мен дағдылары:
1.Цифрлық түрдегі топографиялық карталардың түпнұсқасын даярлау кезінде шешім қабылдау және талдау дағдылары.
2. Геодезиялық ақпараттық жүйенің көмегімен сандық түрдегі топографиялық карталардың түпнұсқасын даярлау.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Картографиялық өнімдер өндірісінің технологиялық процесін.
3. Сандық түрде топографиялық карта түпнұсқасын даярлауда жүйелік талдау әдіснамасы.
4. Сандық топографиялық картадағы қолдарға шартты қысқартылған тізбегі.
5. Картографиялық өнімдер дайындауда тапсырмаларды қою мен шешуде шешім қабылдау әдісі.
6. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары бойынша басшылық.
6-еңбек функциясы Бағдарламалардағы карталардың растрлық суреттерін сканерлеу, түрлендіру және тіркеу.
Біліктері мен дағдылары:
1. Бағдарламалардағы карталардың растрлық суреттерін тіркеуде шешім қабылдау және талдау дағдысы.
2. Растрлық суреттерді сканерлеу, түрлендіру дағдылары.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Картографиялық өнімдер өндірісінің технологиялық процесін.
3. Карталардың растрлық суреттер сканерлеу, түрлендіру және тіркеу кезінде жүйелі талдау әдіснамасын.
4.Таралымы шектеулі құжаттарды, істер мен басылымдарды тіркеу, пайдалану және сақтау қағидаларын.
5. Бірлескен және басқа жұмыстарды орындауымен байланысты мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді беру қағидаларын.
6. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
Жеке құзыретіне қойылатын талабы Командада жұмыс істей білуі. Өз пікірін сенімді түрде білдіру қабілеті.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптерге байланысты 2148 Картограф
«Техник аэрофотогеодезист» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ
Кәсіптің коды 3131
Кәсіптің атауы Техник аэрофотогеодезист
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 4
БА бойынша біліктілік деңгейі Жоғары санатты, II-I санаттар, санатсыз.
Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі Жоғарғы деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім (қосымша кәсіптік даярлық), практикалық тәжірибе.
Еңбек функциялары: 1) Карталар мен қор материалдарын құру бойынща бұрын атқарылған жұмыстарды зерделеу.
2) Жоспарланатын жұмыс көлемін есептеу.
3) Түсірілім желісі нүктесіндегі аспаптар мен құралдардың, арнайы жабдықтарды дайындау, орнату және кеңістікте бағдарлау.
4) Кеңістіктік фототриангуляция желісін құру процесіне қатысу.
5) Қолданбалы бағдарламаны пайдалану бойынша нұсқаулықтың талаптарына сәйкес өңдеу үшін материалдарды іріктеу.
6) Құрылған сандық жоспарлардың түпнұсқаларын тексеру үшін тану белгілері мен бақылаудағы фотограмметрикалық нүктелер координаталарының каталогын жасау.
1-еңбек функциясы Карталар мен қор материалдарын құру бойынша бұрын атқарылған жұмыстарды зерделеу
Біліктері мен дағдылары:
1. Карталар мен қор материалдарын құрастыру бойынща бұрында істелінген жұмыстарды зерттеу кезінде алынған нәтижелерді бағалау.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр саласында пайдаланылатын құралдар мен жабдықтарды, құралдарды, жабдықтар мен материалдарды пайдалану, техникалық көмек көрсету, тасымалдау және сақтау қағидаттарын білу.
3. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды
тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын.
4. Цифрлық әдіспен аэрофотогеодезикалық және картографиялық жұмыстарды орындау тәртібін.
2-еңбек функциясы Жоспарланатын жұмыстың көлемін есептеу.
Біліктері мен дағдылары: 1.Жұмыс көлемін есептеу кезінде тапсырмаларды нақтылау, нәтижені бағалау.
Білімі:
1. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр саласында пайдаланылатын құралдар мен жабдықтарды, құралдарды, жабдықтар мен материалдарды пайдалану, техникалық көмек көрсету, тасымалдау және сақтау қағидаттарын білу.
2. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
3. Цифрлық әдіспен аэрофотогеодезикалық және картографиялық жұмыстарды орындау тәртібін.
4. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын.
3-еңбек функциясы Түсірілім желісі нүктесіндегі аспаптар мен құралдарды, арнайы жабдықтарды дайындау, орнату және кеңістікте бағдарлау.
Біліктері мен дағдылары:
1. Кеңістікте түсірілім желісі нүктесіне аспаптар және инструменттер, арнайы жабдықтарды іріктеу нәтижесіне баға беру, тапсырманы нақтылау.
2. Арнайы жабдықтарды дайындау және орнату дағдылары.
Білімі:
1. Геодезия мен картография, кадастр, жер саласында қолданылатын негізгі құралдар мен жабдықтар, құралдарды, жабдықтарды және материалдардың қолданылу қағидаттарын, техникалық қызмет көрсету, орын ауыстыру және сақтау туралы.
2. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
4-еңбек функциясы Кеңістіктік фототриангуляция желісін құру процесіне қатысу.
Біліктері мен дағдылары: 1. Кеңістіктік фототриангуляция желілерін құру процесінде шешімдер қабылдау және талдау дағдылары.
Білімі:
1.«Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Аэрофотогеодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау кезінде, кеңістікті фототриангуляция желілерін құру кезінде жүйелік талдау әдіснамасы.
3. Таралымы шектеулі құжаттарды, істер мен басылымдарды тіркеу, пайдалану және сақтау қағидаларын.
4. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
5. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды
тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын.
5-еңбек функциясы
Колданбалы бағдарламаны пайдалану бойынша нұсқаулықтың талаптарына сәйкес өңдеу үшін материалдарды іріктеу.
Біліктері мен дағдылары:
1. Қолданбалы бағдарламаны пайдалану кезінде, өңдеу үшін материалдарды іріктеу кезінде шешімдерді қабылдау және талдау дағдылары.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Аэрофотогеодезиялық және картографиялық жұмыстарды сандық әдіспен орындау кезінде жүйелік талдау әдіснамасын.
3. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
4. Цифрлық әдіспен аэрофотогеодезикалық және картографиялық жұмыстарды орындау тәртібін.
5. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды
тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын.
6-еңбек функциясы
Құрылған сандық жоспарлардың түпнұсқаларын тексеру үшін тану белгілері мен бақылаудағы фотограмметрикалық нүктелер координаталарының каталогын жасау.
Біліктері мен дағдылары:
1. Координатын және соңғы фотограмметрикалық нүктесінің каталогын құру кезінде шешімдерді қабылдау және талдау дағдысы.
2. Құрылған сандық жоспарлардың түпнұсқаларын тексеру кезінде талдау дағдысы.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Құрылған сандық жоспарлардың түпнұсқаларын тексеру кезінде талдау дағдысы.
3. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
Жеке құзыретіліктеріне қойылатын талап Командада жұмыс істей білу.
Өз пікірін сенімді түрде білдіру қабілеттігі.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптерге байланысты
2148 Аэрофотогеодезист»
«Топограф» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ
Кәсіптің коды 2148
Кәсіптің атауы Топограф
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 4
БА бойынша біліктілік дәрежесі Жоғары санатты, II-I санаттар, санатсыз.
Кәсіптік білім деңгейі Жоғарғы деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім (қосымша кәсіптік даярлық), практикалық тәжірибе.
Еңбек функциялары: 1) Топографиялық түсірілім, алынған ақпаратты мониторингілеу.
2) Күрделі емес жоспарлар мен қарапайым схемаларды әзірлеуге қатысу, олардың техникалық тапсырмаларға сәйкестігін камтамасыз ету.
3) Атқарылған жұмыстар көлемін, өлшеу құралдарын жедел есепке жүргізу.
4) Заманауи есептеуіш техниканың көмегімен техникалық-экономикалық есептеулер.
5) Жоспарлы және есептік құжаттаманы ресімдеу бойынша техникалық жұмыс, материалдарды графикалық ресімдеу.
6) Ескертулер түзетілгеннен кейін жасалған карталардың түпнұсқаларын тапсыру.
1-еңбек функциясы Топографиялық түсірме, алынған ақпаратты мониторингілеу.
Біліктері мен дағдылары:
1. Топографиялық түсіру кезінде тапсырмаларды нақтылау, нәтижені бағалау.
2. Алынған ақпаратты мониторингілеу кезінде нәтижені бағалау дағдылары.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Цифрлық әдіспен аэрофотогеодезикалық және картографиялық жұмыстарды орындау тәртібін.
3. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жасау тәсілдері, қағидаттары мен амалдары.
4. Өлшеулердерді орындау әдістері.
5. Цифрлық әдіспен аэрофотогеодезикалық және картографиялық жұмыстарды орындау тәртібін.
2-еңбек функциясы Қиын емес жоспарлар мен қарапайым схемаларды әзірлеуге қатысу, оларды техникалық тапсырмаларына сәйкестілігін қамтамасыз ету.
Біліктері мен дағдылары:
1. Күрделі жоспарлар мен қарапайым схемаларды әзірлеу кезінде нәтижелерін бағалау, тапсырманы нақтылау.
2. Әзірленген техникалық тапсырмаларына сәйкестілігін қамтамасыз ету.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жасау тәсілдері, қағидаттары мен амалдарын.
3. Өлшеулердерді орындау әдістерін.
4. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
3-еңбек функциясы Атқарылған жұмыстар көлеміне, өлшеу құралдарына жедел есеп жүргізу.
Біліктері мен дағдылары: 1. Өлшеу құралдарына жедел есеп жүргізу кезінде нәтижені бағалау, тапсырманы нақтылау.
2. Істелінген жұмыстардың нәтижесін бағалау.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Сандық әдіспен аэрофотогеодезикалық және картографиялық жұмыстарды орындау тәртібі.
3. Топографо-геодезиялық жұмыстарды жасау кезінде істелінген жұмыстардың көлемі, өлшеу құралдарын оперативті есеп жүргізу тәсілдері және принциптері, амалдары.
4. Өлшеулердерді орындау тәсілдері.
4-еңбек функциясы Заманауи есептеуіш техниканың көмегімен техникалық-экономикалық есептеулер.
Біліктері мен дағдылары:
1. Жоспарланған жұмыс көлемдерін есептеу кезінде шешімдерді қабылдау және талдау дағдысы.
2. Есептеуіш техниканың көмегімен техникалық-экономикалық есептеулер нәтижесіне талдау жасау дағдысы.
Білімі:
1. Картографиялық және картошыгаратын жұмыстар бойынша нұсқаулықтарды.
2. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
3. Сандық әдіспен аэрофотогеодезикалық және картографиялық жұмыстарды орындау тәртібін.
4. Жоспарланған жұмыс көлемдерін есептеуіш техника көмегімен технико-экономикалық есептеулер кезінде жүйелік талдау методологиясын.
5-еңбек функциясы Жоспарлы және есептік құжаттаманы ресімдеу бойынша техникалық жұмыс, материалдарды графикалық ресімдеу.
Біліктері мен дағдылары:
1.Есеп беру және жоспарланған құжаттамаларды рәсімдеу кезінде шешімдерді қабылдау және талдау дағдысы.
2. Материалдарды графикалық рәсімдеу нәтижесіне талдау.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Сандық әдіспен аэрофотогеодезикалық және картографиялық жұмыстарды орындау тәртібін.
3. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жасау тәсілдері, қағидаттары мен амалдарын.
4. Өлшеулердерді орындау әдістерін.
5. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
6-еңбек функциясы Ескертулер түзетілгеннен кейін жасалған карталардың түпнұсқаларын тапсыру.
Біліктері мен дағдылары: 1. Ескертулер түзетілгеннен кейін карталардың түпнұсқасын жасау кезінде талдау дағдысы және шешім қабылдау
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Сандық әдіспен аэрофотогеодезикалық және картографиялық жұмыстарды орындау тәртібін.
3. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жасау тәсілдері, қағидаттары мен амалдарын.
4. Өлшеулердерді орындау әдістерін.
5. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
Жеке құзыретіне қойылатын талабы Командада жұмыс істей білу.
Өз пікірін сенімді түрде білдіру қабілеттілігі.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптерге байланысты 2148 Геодезист
«Геодезист» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ
Кәсіптің коды 2148
Кәсіптің атауы Геодезист
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 5
БА бойынша біліктілік деңгейі Санаты жоқ – II-I санаттар – жоғарғы санатты
Кәсіптік білім деңгейі Орта білімнен кейінгі техникалық кәсіптік білім (орта буын маманы), практикалық тәжірибе немесе жоғарғы білім.
Еңбек функциялары 1) Түсірілуі жоспарланған, аумақ бойынша материалдарды зерделеу және жоспарланған дала жұмыстарын көлемін есептеу.
2) Геодезиялық аспаптар мен құралдарды тексеру және дәлдеме орындау және олардың дұрыс пайдаланылуын және сақталуын қамтамасыз ету.
3) Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жоспарлау мақсатында жинақталған құжаттамаларды жүйелеу және бағалау.
4) Аспаптарды тексерулердің күнтізбелік кестелерін жасау, жобалауға техникалық тапсырмалар дайындау.
1-еңбек функциясы Түсірілуі жоспарланған, аумақ бойынша материалдарды зерделеу және жоспарланған дала жұмыстарын көлемін есептеу.
Біліктері мен дағдылары: 1. Аумақ бойынша материалдарды зерделеу үшін жағдай жасау, дала жұмыстарын көлемін жоспарлау кезінде талдау және шешім қабылдау дағдылары.
Білімі:
1. Аумақта жұмыстарды орындау кезінде жүйелік талдау және жоспарлау әдіснамасын.
2. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды өндіру бойынша нормативтік-әдіснамалық құжаттардың талабын.
3. Өлшеуді орындау тәсілдерін.
4. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2-еңбек функциясы Геодезиялық аспаптар мен құралдарды тексеру және дәлдеме орындау және олардың дұрыс пайдаланылуын және сақталуын қамтамасыз ету
Біліктері мен дағдылары:
1. Геодезиялық аспаптарды және құралдарды тексергенде және дәлдеме орындауда талдау және шешім қабылдау дағдылары.
2. Дұрыс пайдалануды және сақтауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
Білімі:
1. Геодезиялық аспаптарды және құралдарды тексергенде және дәлдеме орындауда талдау және шешім қабылдау дағдыларын.
2. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
3. Өлшеуді орындау тәсілдерін.
4. Топограф-геодезиялық жұмыстарды өндіру бойынша нормативтік-әдіснамалық құжаттар талабын.
5. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды дайындауды.
3-еңбек функциясы Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жоспарлау мақсатында жинақталған құжаттамаларды жүйелеу және бағалау
Біліктері мен дағдылары:
1. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жоспарлау мақсатында құжаттамаларды жүйелеу және жинақтау кезінде талдау және жағдай жасау дағдылары.
2. Қызметті бақылау және түзету.
Білімі:
1. Таралымы шектеулі құжаттармен жұмыс істеу кезінде басқарушылық шешім қабылдау тәсілдерін.
2. Бірлескен және басқа да жұмыстарға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру қағидаларын.
3. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
4-еңбек функциясы Аспаптарды тексерудің күнтізбелік кестелерін жасау, жоспарлауға техникалық тапсырмалар дайындау
Біліктері мен дағдылары:
1. Аспаптарды тексерудің күнтізбелік кестелерін жасау кезінде талдау және шешім қабылдау дағдылары.
2. Жоспарлауға техникалық тапсырмаларды дайындау кезінде қызметті бақылау және түзету.
Білімі:
1. Жоспарлау бойынша жұмыстарды орындау кезінде жүйелік талдау әдіснамасын.
2. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды өндіру бойынша нормативтік-әдіснамалық құжаттар талабын.
3. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
Жеке құзыретіне қойылатын талап Командада жұмыс істей білу. Ақпаратты сауатты қолдану және тұжырымды дәлеледеу.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысты 3111 Техник-геодезист
«Геодезист» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ
Кәсіптің коды 2148
Кәсіптің атауы Геодезист
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 6
БА бойынша біліктілік деңгейі II-I санаттар – жоғарғы санатты
Кәсіптік білім деңгейі Жоғарғы білім (бакалавриат), практикалық тәжірибесі.
Еңбек функциялары 1) Гравиметрикалық және спутниктік бақылауды, мемлекеттік геодезиялық желі құру бойынша кешенді жұмыстарды орындау.
2) Триангуляция, полигонометрия, тегістеу және теңестіруді есептеулер, жұмыстарды каталогтау бойынша материалдар жинау.
3) Бағдарламалық өнімдерді пайдаланып геодезиялық өлшемдердің нәтижелерін математикалық өңдеуді орындау, арнайы мақсаттағы геодезиялық жұмыстарды өткізу; теңіз жағдайында теңіз түбін картаға түсіруде топографиялық-геодезиялық және гравиметрикалық жұмыстарды орындау.
4) Әртүрлі инженерлік-техникалық тапсырмаларды шешу кезінде, құрылыс объектілері, ғимараттар, жол қатынастары, магистралды құбырлар жүргізу, сонымен қатар пайдалы қазбаларды барлау және шығару, геофизикалық түсірілім және барлау кезінде туындайтын геодезиялық ізденістерді жүзеге асыру.
5) Өндірістік құжаттаманы және есептілікі ресімдеу.
1-еңбек функциясы Гравиметрикалық және спутниктік бақылауды, мемлекеттік геодезиялық желі құру бойынша кешенді жұмыстарды орындау
Біліктері мен дағдылары:
1. Гравиметрикалық және спутниктік бақылауда жоспарлау және шешім қабылдау дағдылары.
2. Мемлекеттік геодезиялық желі құру кезінде заманауи бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану.
Білімі:
1. Гравиметрикалық және спутниктік бақылауды орындау кезінде бірлескен талдау, жоспарлау және шешім қабылдау әдіснамасын.
2. Топограф-геодезиялық жұмыстарды өндіру бойынша нормативтік-әдіснамалық құжаттар талабын.
3. Өлшеуді орындау әдістерін.
4. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2-еңбек функциясы Триангуляция, полигонометрия, тегістеу және теңестіруді есептеулер, каталогтау жұмыстарды бойынша материалдар жинау
Біліктері мен дағдылары: 1. Жұмыстарды каталогтау жоспарлау және шешім қабылдау дағдылары.
2. Триангуляция, полигонометрия, тегістеу және теңестіруді есептеулер бойынша материалдар жинақтау кезінде шешім қабылдау дағдылары.
3. Заманауи бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану, нәтижені рәсімдеу және таныстыру.
Білімі:
1. Каталогтандыру жұмыстарында бірігіп талдау, жоспарлау және шешім қабылдау әдіснамасын.
2. Топограф-геодезиялық жұмыстарды өндіру бойынша нормативтік-әдіснамалық құжаттар талабын.
3. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
4. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
3-еңбек функциясы
Бағдарламалық өнімдерді пайдаланып геодезиялық өлшемдердің нәтижелерін математикалық өңдеуді орындау, арнайы мақсаттағы геодезиялық жұмыстарды өткізу; теңіз жағдайында теңіз түбін картаға түсіру кезінде топографиялық-геодезиялық және гравиметрикалық жұмыстарды орындау.
Біліктері мен дағдылары: 1. Арнайы белгіленген геодезиялық жұмыстарды өткізу кезінде жоспарлау және шешім қабылдау дағдылары.
2. Топографиялық-геодезиялық және гравиметрикалық жұмыстарда заманауи бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды қолдану.
3. Нәтижені рәсімдеу және таныстыру дағдысы.
Білімі:
1. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын.
2. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды өндіру бойынша нормативтік-әдіснамалық құжаттардың талабын.
3. Топографиялық-геодезиялық және гравиметрикалық жұмыстарды орындау кезінде бірлескен талдау, жоспарлау және шешім қабылдау әдіснамасын.
4. Өлшеуді орындау әдістерін.
4-еңбек функциясы
Әртүрлі инженерлік-техникалық тапсырмаларды шешу кезінде, құрылыс объектілері, ғимараттар, жол қатынастары, магистралды құбырлар жүргізу, сонымен қатар пайдалы қазбаларды барлау және шығару, геофизикалық түсірілім және барлау кезінде туындайтын геодезиялық ізденістерді жүзеге асыру.
Біліктері мен дағдылары:
1. Геодезиялық ізденістерді орындау кезінде жоспарлау және шешім қабылдау дағдылары.
2. Нәтижені рәсімдеу және таныстыру.
3. Геодезиялық түсірілім және барлауды орындау кезінде жоспарлау және шешім қабылдау дағдылары.
Білімі:
1. Геодезиялық ізденістерді орындау кезінде жоспарлау және шешім қабылдауды бірлесіп талдау әдіснамасы.
2. Таралымы шектеулі құжаттарды, істер басылымдарды есепке алу, пайдалану және сақтау қағидаларын.
3. Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауына байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру қағидаларын.
4. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
5. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды
тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын.
5-еңбек функциясы Өндірістік құжаттаманы және есептілікі ресімдеу.
Біліктері мен дағдылары:
1. Өндірістік құжаттаманы мен есептілікті рәсімдеу кезінде жоспарлау және шешім қабылдау дағдылары.
2. Нәтижені рәсімдеу және таныстыру.
Білімі:
1. Есептілікті рәсімдеу кезінде бірлесіп талдау әдіснамасы.
2. Картографиялық және карта басып шығару жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты.
3. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды өндіру бойынша нормативтік-әдіснамалық құжаттар талабы.
Жеке құзыретіне қойылатын талап Командада жұмыс істей білу. Жүйелі ойлау, ақпаратты өңд